Зообақтағы жануарлар жаурамайды

1006

Қандай ауа райы болмасын зообақтағы аңдар мен құстар тоңбайды. Оларға күтім жасалуда. Азық-түлік қоры да жеткілікті дейді мамандар.

009

Қыстағы зообақ көрінісі көздің жауын алады. Мұндағы жасыл желек ақ жамылғышқа оранып, ертегі іспеттес күйге енген. Табиғат аясында еліктер серуен құрып, суыққа бейім бұқалар жүр. Дала қыраны, бүркіт, қарақұстар да суыққа төзімді. Қызыл кітапқа енгізілген үкінің қимылы аязда ширақ. Құндыздар жатын орыннан шығып, шомылуға әрекеттенуде. – 15 градус суық олар үшін үйреншікті.

[youtube]http://youtu.be/gmOY9HW0A-Y[/youtube]

Мұндағы сүйкімді сілеусіндер биыл сатып алынған. Жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі Әбутәліп Қадырқұловтың мәлімдеуінше, олар Оңтүстік өңірінің климатына тез бейімделіпті. Зообаққа келушілердің сүйіктісі – Астана есімді керіктің жағдайы да жаман емес көрінеді. Өйткені тұратын орны жылы. Күтушісі Ахметжан аға бабын жасаудан жалықпайды.

[youtube]http://youtu.be/qvtL56GMi-w[/youtube]

Биыл зообақты толықтырған жолбарыс Молдовадан жеткізілген. Бек есімді жыртқыш аң бір жарым жаста. Ержеткенде көрші тордағы жобарыспен жұп құрса деп армандайды зообақ қызметкерлері.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері шымкенттіктер мен қала қонақтарын зообаққа шақырады. Өйткені, жануарлар мен аңдардың қыс мезгіліндегі тұрмысы ешкімді бейжай қалдырмауы тиіс.