Абай ауданының әкімі есеп берді

Шымкент қаласындағы үш ауданның әкімдері тұрғындар алдында есеп беруін бастады. Әл Фараби, Еңбекші және Абай аудандарының басшылары аудан азаматтарымен жүздесті. Абайлықтар Қазғұрт шағынауданындағы № 66 мектепте жиналды. Олардың арасында облыстың екі ауданынан қосылған елдімекен тұрғындары да болды.

001

Абай ауданында 300 мыңдай халық бар. Үштен бірі – түрлі ұлттың өкілдері. Есептік жиынның алғашқысы өткен Қазығұрт шағынауданының тұрғындары соңғы уақытта қоғамдық көлік пен жарық жәйі шешілді, енді ішкі жолдар мен көшелерді жарықтандыру қолға алынса деп тілейді.

Есеп беру жиынына қатыспаған ауыл азаматтарының бұл сауалдарынан аудан әкімдігі хабардар екен. 2015 жылдың жоспарына дәл осы жұмыстар енгізіліпті. Қазығұрттықтардың жазбаша қойған сұрақтарына берілген жауап осындай болды. Барлығы да назарда тұр.

Жүйелі жұмыс жасап жатырмыз деген аудан әкімі есептік баяндамасында барлық салаларға тоқталды. Залға жиналғандарға түсінікті болу үшін слайдтар да дайындалыпты. Жеке аудан ретінде өз бюджеті болмаса да аулаларды абаттандырып, спорт кешендерін салу, елдімекен көшелеріне шағал тас төсеп, асфальттауды биыл аяқтау жоспарланған.