Ауа райына байланысты Жамбылдағы жолдар жабылды

257

Қазақстанның Оңтүстігінде жолдар жабылды. Күн райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Ташкент бағытындағы тасжолдың Жамбыл облысындағы бөлігінде барлық көліктер үшін жол жабық. Сондай-ақ, түнгі сағат 4-тен бастап Ташкент-Термез тасжолының 593-шақырымынан 611-шақырымына дейінгі аралықта да көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым аумағында күн суытады. Қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Тек республиканың оңтүстік-батысында күн ашық болады деп күтілуде. Қазгидрометтің ақпаратынша, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түсіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады деп болжанып отыр.