Шардаралықтарға үй берілді

320

Шардара қаласының Қанай датқа шағынауданында жаңа 10 коммуналдық үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Төрт бөлмелі тұрғын үйдің кілтін иелеріне аудан әкімі Қ.Айтөреев табыстады. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында салынған үйлердің құрылсына облыстық бюджеттен 83 млн. 496 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

002

Заман талаптарына сай етіп салынған үйлерге жылу мен су жүйелері жүргізілген. Аудан басшысы тұрғындарды жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, қоныс иелеріне кілем тарту етті.

003

«Халықты тұрғын үймен қамту жұмысы алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады. Қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан 24 пәтерлі 4 қабатты үй келер жылы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, 40 пәтерлі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаты дайындалып, 2015 жылы құрылысы басталады» деді аудан әкімі.

Жаңа жылда жаңа қонысқа қоныстанған отбасылар өз ризашылықтарын білдірді.

Осы күні Ақшеңгелді ауылдық округіне қарасты Егізқұм елдімекенінің тұрғындары да үлкен қуанышқа бөленді. Мұнда «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізілген ауыз су нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді.

001

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған ауыз су құбырының құрылысы облыс бюджетінен қаржыландырылып, 2 су ұңғымасы, сыйымдылығы 50 текшеметрлік 2 су сақтау резервуары, сағатына 25 текшеметр су тұщыту қондырғысы салынды. Енді ауылдағы 284 отбасы сапалы ауыз суға қол жеткізіп, облыс басшылығына жаңа жыл қарсаңында жасалған тартуға ризашылықтарын білдіруде.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі