Забадамға су қашан келеді?

242

Забадам елдімекенінің тұрғындары екі жыл бойы күткен судың шапағатын көрмеді. Олар төселген су құбырлары шіріп жатыр дейді. Тиісті мамандар келіп, құбырды жауып кетіпті. Ал Қажымұқан көшесіндегі үйлердің барлығына су құбыры жүргізілмеген.

001

Халықтың біразы ішуге және ыдыс-аяқ жууға техникалық суды әлі де пайдалануға мәжбүр. Көше тұрғындары осылайша жаңадан төселген құбырдан әлі күнге дейін су ақпады деп отыр.

Мердігерлер бұл жағдаймен жіті таныс. Сондықтан болар, тұрғындарға тағы да уәде біріп, тыныштандыруда. Мердігер кЖұмысты жүргізген компания бастығының айтуынша, жұмысшылар апат орын алмай тұрып, 15 күн бұрын демалысқа шыққан екен. Енді кеткен кемшілікті қалпына келтіруді өз мойындарына алып отыр.