Қыдырәлі Болманов: «Ұрпақ тәрбиесі – мұнайдан да маңызды мәселе» (видео)

555

Ұрпақ тәрбиесі – мұнайдан да маңызды мәселе. Бүгін Шымкенттегі мектепке дейінгі мекеме басшыларымен кездесіп, «Бал-бала» компаниясының ойыншықтарын арнайы таныстырған Қыдырәлі Болманов осылай дейді.

001

Ана тілімізде ән салып, ұлттық биімізді билейтін, қазақ тілінде ертегі айтатын ойыншықтар биылдан бастап білім министрлігінің арнайы бағдарламасына еніпті. Енді әр балабақшада балдырғандар осы ойыншықтармен ойнайтын болады. Осылайша «Бал-бала» ойыншықтарының авторы Қыдырәлі Болманов ендігі міндет келер ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп, саналы бала тәрбиелеу дейді.

[youtube]http://youtu.be/KQAHyfKoYFA[/youtube]