«Балапан» бағдарламасы аясында 160 ұйым іске қосылды

293

Оңтүстік Қазақстанда өткен жылы «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым ашылған. Нәтижесінде бүлдіршіндерді қамту көрсеткіші 67,2 пайыздан 76,8 пайызға өскен. Өңірде 115 білім нысаны салынп, соның 41-і іске қосылған.

001

Аудан бюджеттері есебінен қосымша 13 ғимарат пайдалануға берілген. 135 нысан күрделі жөндеуден өткен. Денсаулық сақтау саласында 68 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 64-і іске қосылған. 32 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалып, аймақтар арасында алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті өткен. Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші 5,5-пайыздан 5,1-пайызға төмендеген.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі