Кенді шаһар көшелері «ойылып» қалды

453
Кентаудағы жаңа мектепке барар жол

Кентауға бара қалсаңыз, ойдым шұңқыр жолдың азабын тартасыз. Су жүйесін жүргізген мердігер компания, жолды қайта қалпына келтіруді ұмыт қалдырған. Салдарын кентаулықтар тартып отыр.  Ал жақында бой көтерген су жаңа 1200 орынды мектепке барудың өзі қияметке айналған. Жол азабын тартқан кенді шаһардың бүгінгі жағдайы мәз емес.

Кентау қаласының әкімдігі
Кентау қаласының әкімдігі

Жауын шашында кенді шаһардың ішкі орамдық жолдарымен жүру мүмкін емес. Лайға белшеңнен батасың, ол аздай кәріз жүйесіне арнайы қазылған шұңқырларға түсіп кетуің де ғажап емес. Кентау қаласындағы 52- орамда тұратын мектеп оқушылары  білім ордасына белшеден балшық кешіп барады.  Мектепке барар жолды жөндесе деген тілегін ата-аналар билікке талай айтып, мәселені көтерген, бірақ нәтиже болмапты.

Кентаудағы жаңа мектепке барар жол
Кентаудағы жаңа мектепке барар жол

Мектептің ашылу салтанатында Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев жолды жөндеп беруге уәдесін де берген. Алайда қазір 3-ші тоқсан аяқталуға жақын, ал құрылыс жұмыстары әлі басталмапты.

Арман Бастаров, Кентау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы: «Жол болады. Есеп-қисап жұмыстары жүргізіліп жатыр».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LQ2g-4-r66g[/youtube]

Шенеуніктің жауабына сенсек, оқу жылы аяқталғанша құрылыстың басталуы екі талай. Былтыр кеншілер қаласында 256 миллионға тоғыз көше орташа жөндеуден өткен. Құрылысты «Нұрстрой»,»Кентаужол» , «Бесқасқа» серіктестіктері жүргізген болатын. Биыл қаладағы орталық Ясауи көшесі мен қосымша алты көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар екен. Инфроқұрылым жүргізіліп, қайта қалпына келтірілмеген көшелерде реттеледі дейді әкімдіктегілер.