Ш.Қалдаяқов атындағы филармония 22 миллион теңге табыс тапты

335
халық аспаптары дәріптелді

22 миллион 300 мың теңге! Бұл қомақты қаржы – Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының 1 жыл ішінде тапқан табысы. Анығырақ айтсақ, бюджеттен бөлінген емес, кешті тамашалауға келген көпшілік билетінен түскен теңге. Өнер ошағының есеп беру кешін тамашалауға арнайы барып, милииондаған ақшаның жұмсалу жолын да анықтап қайттық…

Ш.Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы халыққа есеп берді
Ш.Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы халыққа есеп берді

«Қыздар» тобының құрылғанына 10 жылдың жүзі болды. Топты тыңдарман бояуы қанық әндерінен бірден-ақ таниды. Өнер иелері есеп беру кешінің көркін ашты. Алғашқылардың бірі болып сахнаға көтерілді. Оркестрдің сүйемелдеуімен Құралай Сәтмұханбетованың «Аппақ гүлдер» әнін шарықтай шырқады.

«Қыздар» тобы: «Аппақ гүлдер» әнін орындаған кезде көз алдымызға Қазақтың кең даласы мен гүл теріп жүрген арулар, қол ұстасып жүрген қыз бен жігіттер елестейді. Сезімге тұнған әнді барша көрерменнің жүрегіне жеткізе айттық деген үміттеміз. Біздің басқа да топтан ерекшелігіміз – әнді әр дауыста орындаймыз. Мәселен, жоғары дауысты Құралай айтады, өзгелеріміз толқынды дауыспен орындаймыз».

Махмұд Үрімбаев
Махмұд Үрімбаев

Өнерпаздар сахнада ұлттық аспаптарды да кеңінен дәріптеді. Фольклорлық ансамбль халық қазынасын жаңғыртты. Өнер ошағы басшылығының айтуынша, шығармашылық кештің ерекшелігі – тұщымды туындыларды тыңдарманға шебер ұсыну ғана емес, өнерпаздардың жылдық табысын саралау.

Әбдіхан Нұрмағанбетов, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық  филармонияның директоры: «Бізде жылдық жоспар деген болады, 2014 жылдың жоспарында біз 22 миллион 300 мың теңге табыс таптық. Бұл қаржы концертке келген көрерменнен түскен. Бір сөзбен айтқанда, біздің өнер ұжымның табысы. Сондықтан, барлық ақшаға толығымен киім-кешек алынды. Жүргізушіден бастап «Тұмар», «Қазына» би топтарына да жаңа костюмдер тігілді».

"Өркен" ансамблі
«Өркен» ансамблі

Әншілер қауымы әлем шығармашаларынан попурри де айтты. Ал тыңдаушы тарап – көрерермендер залында ине шанжырлық орын болмады.

Мархабат Байтұрсынова, көрермен: «Кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халық әндері, тіпті, өзге тілдердегі әндер жанды дауыста, оркестрмен айтылды. Ұжымға шығармашылық табыс тілеймін!»

Мейрамгүл Қосанова, көрермен: «Филармония концертін көру үшін Сарыағаш ауданынан келіп отырмын. Өте ұнады, мен естімеген әндер де айтылды. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, үлкен әсер алып қайтып барамын».

халық аспаптары дәріптелді

«Асқақтасын ән мен күй» тақырыбы аясында өрбіген кеште өнер ұжымы халық және эстрда әндерін айтумен шектелмеді. Халықаралық байқауларда топ жарған би топтары да сахнадан көрінді. Айта кетейік, бүгінде Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда 217 адам қызмет етеді, оның 182-сін шығармашылық ұжым құрайды.