Шымкент мұнай өңдеу зауытында инновациялық жобалар іске қосылады

386

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында қайта құрылымдау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елімізде қолға алынған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде кәсіпорын заман талабына сай жабдықталып, сапалы өнім шығаратын болады.

001

Жалпы жоба бойынша жөндеу және қайта құру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңдегі дизельдік отынды гидротазалау қондырғысын қайтадан жарақтау жұмысы аяқталды. Осы көктемде іске қосылмақ.

Соның нәтижесінде жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сәйкестендіріледі. Сонымен бірге зауыт жылына 4 мың тонна күкірт шығарады. Бірінші кезең жыл соңына дейін толық аяқталмақ.

Ал екінші кезеңде мұнайдың құрамындағы шикізаттарды бөліп алу процесін жетілдіру үшін техникалық-инновациялық тың жобалар енгізілмек. Осындай жұмыстардың нәтижесінде мұнай өңдеу көлемі артады. Зауытты қайта құрылымдау жұмыстарына 1200 шетелдік маман жұмылдырылған. Бұған қосымша жергілікті азаматтар да тартылады.