Бүгін Шымкентке жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова келді. Бұл туралы тілшіміз Ардақ Жақсылықова хабарлады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EElFHCDuxvk[/youtube]
Іс-сапар аясында мемлекеттік хатшы 270 орындық Шымкент қалалық N1 балалар ауруханасының ашылу салтанатына қатысты. Бұл аурухана «Асар» шағынауданында орналасқан.
Мемлекеттік хатшы бастаған топты облыс әкімі Асқар Мырзахметов алып жүр. Мәртебелі қонақтар аурухананы ашып, ішін аралап, құрал-жабдықтармен танысты.
Бұдан кейін астаналық қонақтар Шымкентте жаңадан ашылған «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығына келді. Мұнда жергілікті этно-мәдени орталықтардың өкілдерімен кездескен Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан халқы ассамблеясының жылын тойлау, осыған орай қолға алынған шаралармен таныстырды.
Осы жиында Оңтүстіктің белгілі оқытушы-ғалымы Әсма Қалыбекова «Қазақстан халқы ассамблеясына — 20 жыл — 20 игі іс» жобасы аясында әдет-ғұрып орталығына өзінің кітабының 20 данасын сыйға тартты.
Фотолардың авторы — Сәбит Тастанбек