Шымкенттің оқушылары М. Мақатаев оқуларынан жеңіспен оралды

Жеңімпаздар музыка пәнінің ұстазы Айман Даурбаевамен бірге

Шымкенттік оқушылар жетінші рет өткізілген республикалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден балалар арасындағы байқаудан жеңіспен оралды.

Ә. Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің оқушысы Нұрғали Санжар «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша дипломат атанып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ол ақын Мұқағалидың «Сәби болғым келеді» атты өлеңіне жазылған әнді орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

Жеңімпаздар музыка пәнінің ұстазы Айман Даурбаевамен бірге
Жеңімпаздар музыка пәнінің ұстазы Айман Даурбаевамен бірге

Дәл осы мектептің оқушысы Ақниет Ауданбай да М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған байқауға алғаш рет қатысып, көркемсөз оқудан үшінші орыннан көрінді.  Өлеңді мәнерлеп оқуда ерекше көзге түскен Ақниет алдағы уақытта өзге де жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.

Ақниет Ауданбай
Ақниет Ауданбай

Алматы қаласындағы «Ғұмырдария» балалар мен жастар орталығында өткен байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы қатысқан. Ал жеңімпаздарды анықтау көкемсөз оқу, вокал және басқа бағыттар бойынша өткізілген. Ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен Мұқағали Мақатаевтың жыр жинақтары мен суреттері табыс етілген.