Журналист қыз-келіншектер марапатталды

768

8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында біздің әріптестеріміз үлкен құрметке ие болды. Атап айтқанда «Отырар» телеарнасының бас редакторы Зәуре Оралбаева мен «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жамила Мамырәліге Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының бұйрығымен «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» арнайы төсбелгісі табысталды.

003

002

Бұл марапатты қала әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы және қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек медио-холдингке арнайы келіп тапсырып, қала басшысы Дархан Сатыбалдының сәлемін жеткізді.

007

006

Бұқаралық ақпарат құралдарында шаһардың тыныс-тіршілігін боямасыз жеткізіп, қос ұжымға жетекшілік етіп жүрген редакторлардың еңбегін елеп келген әкімдік өкілдері ару қыздардың жұмысына сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады.

004

Бұған қоса «Оңтүстік Рабат» газетінің тілшісі ЖансаяТәуекелқызы да мереке қарсаңында қала әкімі Дархан Сатыбалдының «Алғыс хатын» алды. Ендеше, марапат құтты болсын, әріптестер!

005

 

001