Әкімдікте көп балалы аналарға құрмет көрсетілді

417

Оңтүстіктегі 63 мыңнан астам көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 8 наурыз – халықаралық мерекемен ақ жаулықты аналар мен аяулы аруларды құттықтады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

001

– Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамда алатын орнын бағамдап, «Әйел қуанышы – үйдің, отбасының, Отанның мерейі» деген болатын. Бүгінде нәзік жанды арулар қоғамның түрлі салаларында жемісті жұмыс жасауда, – деді өзінің құттықтау сөзінде Асқар Исабекұлы. – Қазақ әйелді отбасының ырысы, ұйытқысы деп ұғынған. Халқымыздың татулығын, ағайынның бірлігін, шаңырақтың берекесін ұстаушы да ана. Өмірге ұрпақ әкеліп, тіршілікке тірек болған қажыр-қайраттары үшін біз ардақты ана мен асыл жарға, аяулы нәзік жандарға әрдайым құрметпен қараймыз. Көктемнің жұпар иісі мен шуағын ала келген мереке баршаңызға бақыт сыйласын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

002

2014 жылғы статистикалық деректер бойынша облыста халық саны 2 млн. 780 мың адамды құраса, оның 1 млн. 400 мыңдайы әйелдер екен.

003

Солардың ішінде мәдениет саласында еңбек ететіндердің жартысынан астамын, ұлағатты ұстаздардың – 75, ал медицина мамандарының 87 пайызын нәзік жандылар құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында да кәсіптің көзін тапқан арулар да жетерлік.

004

Сонымен қатар өңірде 152358 көп балалы әйел болса, 30046 ана – «Алтын алқа» иегері, 38824 ана «Күміс алқа» алған. Ал 8174 әйел бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері атанып отыр. 75314 ананың 4 жастан 18-ге дейінгі бала тәрбиелеп отыр.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі