Úı Jańalyqtar Ардагерлер өтемақы ала бастады

Ардагерлер өтемақы ала бастады

ҰОС ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығына орай бір реттік материалдық өтемақы беріле бастады. Бүгінгі күнге берілген мәлімет бойынша, облыста ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің саны 447-ні құрап отыр. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендер 931. Осы күнге есепке алынған тыл еңбеккерлері 20744. Бұл азаматтардың барлығы 4 наурыздан бастап өздеріне тиесілі өтемақыны ала бастайды.

09-006

Жеңістің 70 жылдығына орай берілетін бір реттік материалдық көмек:

Республикалық бюджеттен

1. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 000

2. ҰОС кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілерге – 70 000

3. ҰОС кезінде Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамаларында қызмет атқарғандарға – 70 000

4. ҰОС кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңіз баласы ретінде болғандарға – 70 000

5. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында болғандарға – 70 000

6. Қатынас жолдары және байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік, көлік кемелерінің жүзу және авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСРО балық өнеркісібі халық комиссариатының мүшелеріне – 70 000

7. Қоршаудағы кезінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталған азаматтарға – 30 000

8. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарында болған жасы кәмілетке толмаған тұтқындарға – 30 000

9. Әскери міндетін орындау кезінде ауруға шалдығып, мүгедек болғандарға – 70 000

10. 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезде Украин, Беларусь, Литва, Латыш, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, контузия алуы немесе зақымдану салдарынан мүгедек болғандарға – 30 000

11. Қайталап некеге отырмаған ҰОС қайтыс болған әскери қызметшілердің зайыбына және ата-анасына – 30 000

12. ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен, сондай-ақ, тылда 6 айдан кем емес жұмыс істегендер мен КСРО ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға – 25 000 теңге төленеді.

 

Облыстық бюджеттен

1. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 701 800

2. ҰОС кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілерге – 50 000

3. ҰОС кезінде Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамаларында қызмет атқарғандарға – 50 000

4. ҰОС кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамныда полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңіз баласы ретінде болғандарға – 138 740

5. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында болғандарға – 50 000

6. Қатынас жолдары және байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік, көлік кемелерінің жүзу және авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСРО балық өнеркісібі халық комиссариатының мүшелеріне – 50 000

7. Қоршаудағы кезінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталған азаматтарға – 25 000

8. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарында болған жасы кәмілетке толмаған тұтқындарға – 25 000

9. Әскери міндетін орындау кезінде ауруға шалдығып, мүгедек болғандарға – 50 000

10. 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезде Украин, Беларусь, Литва, Латыш, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, контузия алуы немесе зақымдану салдарынан мүгедек болғандарға – 0

11. Қайталап некеге отырмаған ҰОС қайтыс болған әскери қызметшілердің зайыбына және ата-анасына – 25 000

12. ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен, сондай-ақ, тылда 6 айдан кем емес жұмыс істегендер мен КСРО ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға – 11 000 теңге беріледі.

 

Жергілікті (аудан, қала) бюджеттен

1. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне – 198 200

2. ҰОС кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілерге – 9 910

3. ҰОС кезінде Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамаларында қызмет атқарғандарға – 9 910

4. ҰОС кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамныда полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңіз баласы ретінде болғандарға – 9 910

5. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында болғандарға – 9 910

6. Қатынас жолдары және байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік, көлік кемелерінің жүзу және авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСРО балық өнеркісібі халық комиссариатының мүшелеріне – 9 910

7. Қоршаудағы кезінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталған азаматтарға – 9 910

8. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарында болған жасы кәмілетке толмаған тұтқындарға – 9 910

9. Әскери міндетін орындау кезінде ауруға шалдығып, мүгедек болғандарға – 0

10. 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезде Украин, Беларусь, Литва, Латыш, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, контузия алуы немесе зақымдану салдарынан мүгедек болғандарға – 9 910

11. Қайталап некеге отырмаған ҰОС қайтыс болған әскери қызметшілердің зайыбына және ата-анасына – 9 910

12. ҰОС жылдарында тылды еңбек еткен, сондай-ақ, тылда 6 айдан кем емес жұмыс істегендер мен КСРО ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға – 9 910 теңге беріледі.

«Оңтүстік Рабат», №9, 04.03.2015