«Ордабасы» өз алаңында «Атыраудан» басым түсті

201

Футболдан Қазақстан чемпионаты аясында Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында «Атырау» клубынан басым түсті. Бұл туралы Vesti.kz. порталы жазады.

002

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Алғашқы таймның 39-минутында Азат Нұрғалиев жерлестерін алға шығарды. Командаласы Александр Симчевичтің көтерген добын Азат қақпаға басымен соқты.

Есеп екінші таймда еселенді. Бұл гол да баспен соғылды. Еркебұлан Тұңғышбаевтың пасын ұтымды пайдаланған Дәуренбек Тәжімбетов есепті қорытындылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Q3wbMJ8TAr4[/youtube]

Осылайша Виктор Кумыковтың шәкірттері 3 кезеңде 7 ұпайды еншіледі. Ал чемпионатта алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татқан атыраулықтардаың қоржынында 4 ұпай бар. Енді «Ордабасы» клубы сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі.