Шымкентте Қаратау аудандық соты құрылды

1081
фото: //court.gov.ua

Шымкент қаласында Қаратау аудандық соты құрылды. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы бірқатар аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру және кадрлық мәселелер жөніндегі» № 1024 жарлығы негіз болды.

Аудандық сот өз жұмысын 2015 жылдың 26 наурызынан бастайды деп күтілуде.

Қаратау аудандық сотының мекенжайы: Шымкент қаласы, Қ.Тоқаев көшесі, 17-үй. Телефондары: 53-27-20, 53-73-57. Е-mail: 130227@sud.kz