Жолдарды жөндеу басталды

485

Шымкент жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу басталды. Қыс бойы шұрық тесік болған көшелерді биыл екі компания жамайтын болды. Бюджеттен осы мақсатқа 65 млн. теңге қаражат бөлініп отыр.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізген мамандар биыл көше жөндеу жұмысы жылдам әрі сапалы жүргізеді деген үміт бар. Жыл сайын жалғыз мекеме ағымдағы жөндеумен айналысатын.

004

Дегенмен, биыл жөндеу жұмысына бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз. Айта кету керек, Шымкенттің жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының бір бөлігі 2014 жылдың соңында басталған.

Мысалы, Төлеметов көшесінде, орталық қоқыс алаңынан Бәйдібек би көшесіне дейінгі жол бөлігін қайта жөндеу жұмыстары қолға алынған еді. Сондай-ақ, Әл Фараби көшесінің Темірлан тасжолынан кіші айналымға дейінгі бөлігі жөнделген. Бүгінгі таңда бұл жұмыстарға бюджеттен қаралған қаржы түгел бөлінді дейді жауапты мамандар.