90 жастағы қария өзінің соғыс ардагері екенін дәлелдей алмай жүр

616

Шымкентте 90 жастағы қария өзінің Ұлы Отан соғысының ардагері екенін дәлелдей алмай жүр. Тиісті құжаттары болмаған соң тыл еңбеккеріне теңестірілген ақсақал базарда сауда жасайды.

vlcsnap-2015-04-30-18h19m03s187

Әлеуеметтік көмекке зәру қарт жауынгер соғыс ардагеріне тиесілі көмекке қол жеткізу үшін бармаған жерім қалмады дейді. Тоқсанның төріне шыққан Спандияр Накыпбаев Шымкенттегі Бекжан базары маңайында отырады. Күн ұзаққа пісте, жержаңғақ секілді ұсақ-түйек заттарды сатады.

Қарт майдангер – Сарыағаш ауданының тумасы. Қазір Шымкенттегі қызының үйінде тұрып жатыр. Омырауына қос бірдей медаль таққан ақсақал соғыс жылдары Украина және Белоруссия жерінде соғысып, 1946 жылы елге оралған.

Жеңіс күні таяғанда қызу сауданы көздеп, базар жағалаған қарт өзінің соғыс ардагері екенін дәлелдеу үшін талай есікті қағыпты. Алайда жауаптылар құжатсыз қартқа көмек қолын созуға құлықсыз болып шығыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=X1FUdljAU2Y[/youtube]

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары Спандияр Нақыпбаевқа ардагер мәртебесін беру үшін жергілікті әскери комиссариат шешімі қажет екенін айтады. Ол үшін тиісті зерделеу жұмыстары жүргізу қажет деп отыр.

Дегенмен, мереке қарсаңында шымкенттің белсенді жастары әлеуметтік көмекке зәру қарияны назардан тыс қалдырмады. Сый-сыяпат көрсетіп қардылақ көмек қолын созды.