«Достық» тұрғындары баспаналарын заңдастыра алмай жүр

248
Фото мұрағаттан алынды

Шымкенттегі Достық шағынауданынан дау шықты. Онда тұрып жатқан мүгедек жандар мен тұрмысы төмен отбасылар тұрғын үйлерін заңдастыра алмай жүр. Баспаналарын жекешелендіруге әрекеттенген тұрғындардың бармаған жері баспаған тауы қалмаған.

Көп балалы отбасы Батыровтардың бір бөлмеде қысылып-қымтырылып тұрып жатқанына алты жылдан асып барады. Үйді кеңейту үшін құрылысты бастап жіберуге жүрек дауаламайды. Себебі, кішігірім жері бар коттеджен берілген баспанасын заңдастыра алмай жүр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=p-iV-tIrym0[/youtube]

Өз меншігіміз болмаған соң баспаналарымызды күрделі жөндеуге де қол бармайды дейді тұрғындар. Себебі, әупірімдеп жөндеуден өткізсек, күні ертең шығындалғанымыз далаға кете ме деп алаңдайды.

Айта кетейік, 2005-2006 жылдары Достық елдімекенінен мүгедек және әлеуеті нашар азаматтарға 263 баспана берілген. Әуелде тұрғындарға кішігірім үйлерге жайғасады. Неге екені белгісіз, соңынан ол баспаналар қайтарылып, халық 4 отбасыға арналып салынған коттедждерге көшіріледі. Алайда жауаптылар уәдесіне сай 5 жылдан кейін заңдастырылуы тиіс тұрғын үйлер әлі күнге мемлекет меншігінде.

vlcsnap-2015-04-07-18h40m54s214

Ал Шымкент қалалық тұрғын үй секторының мамандары бұл баспаналардың белгілі бір катергорияға жататын тұлғаларға ғана жекешелендірілетінін айтады. Ал бұл санатқа жатпайтындар үйлерде келісім-шарт аясында тұра алады.

Негізінен, бұл тұрғын үйлерді ҰОС ардагерлері, І және ІІ топ және ауған соғысының мүгедектері, тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада қаралған санаттағы өзге тұлғалар жекешелендіре алады. Ал бұл санатқа жатқызылмаған тұрғындар өз күштерімен тұрғын үйге қол жеткізгенше бұл баспаналарда тұра беруіне болады.