Екі ел Президенті Оңтүстікке келді

341

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоган Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Екі ел басшысы түркі дүниесінің рухани орталығы болған шаһардағы Қ.А.Ясауи кесенесінде болып, 2 мың орынды жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысады.

007

Сонымен қатар Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде студенттермен кездесіп, Түркістанда тұратын түрік диаспорасы өкілдерімен жүздеспек.

Еске сала кетсек, 16 сәуір күні Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге алғаш рет келген Реджеп Тайып Ердоған келіссөздер жүргізіп, жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысты.

Сонымен қатар мемлекет басшылары қазақ-түрік бизнес форумына қатысып, өнеркәсіптің түрлі салаларындағы түрік компанияларының инвестициясы арқылы жүзеге асырылған, болашағы бар 25 жобамен танысты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі