Облыс әкімі «ҚазТрансГаз Аймақ» басшысымен кездесті

305

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарма төрағасы Ибулла Сердиевпен кездесті. Жиын барысында өңір басшысы соңғы жылдары облыс елдімекендерін газбен қамту жұмыстары қарқын алғанын мәлімдеді.

006

Асқар Исабекұлы тұрғындарды табиғи газбен қамту бағытында газ таратушы мекемемен бірлесе жұмыс атқаратынын айтып, елдімекендерде газ құбырына қосылу құнында үлкен алшақтық бар екеніне тоқталды. Мұндай қызметтің ақысы аудан, қалаларда 90 мың теңгеден бастап 200 мың теңгеге дейін жететініне назар аударып, баға айырмашылығына қатысты мәселе туындап отырғанын жеткізді. Осыған байланысты газ құбырына қосылудың бірыңғай құнын белгілеуді ұсынды.

007

Сондай-ақ, кездесу кезінде газ бағасын төмендету және тарифтік саясат жайы да сөз болды. Жиында Бәйдібек, Созақ аудандары тұрғындарын газбен жабдықтау мақсатындағы №18 «Шалдар» автоматты газ тарату стансасының құрылысын бекітілген кестеге сай жүргізу пысықталып, газ құбырына қосылу құнын төмендету бойынша ортақ келісім жасалды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі