Шымкентте республикалық жайдарман ойындары өтті

1095

Шымкентте «Жас Отан» жастар қанатының кубогіне арналған республикалық жайдарман ойындары өтті. Көңілді тапқырлар кеші 1 сәуір – күлкі күніне орай Қазақстан КТК одағының қолдауымен Достық үйінде ұйымдастырылды. Бұл туралы «Жас Отанның» баспасөз қызметі хабарлап отыр.

001

Жайдарман сайысында Сырдария, Қармақшы, Шымкент жастары, Шу-Чу, АЭСА-Алматы, Жаснар командалары қатысты. Қызықты да тартысты өткен сайыс қала тұрғындарының көңілінен шығып, керемет көңіл-күй сыйлады.

Күлкі күніне орай ұйымдастырылған жайдарман сайысының бас жүлдесі – «Жас Отан» жастар қанатының кубогін Қызылорда облысынан келген «Қармақшы» командасы жеңіп алды. Екінші орын алматылық «Жаснар» қомандасына бұйырып, үшінші орынға «Алматы-АЭСА» лайық деп танылды.

Төрешілер алқасында «Нұр Отан» партиясының «50 тұлғасы» жобасының қатысушысы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты – Қалауов Жамбыл Мұратұлы, «Банк центр кредит» акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалының директоры – Орынбасаров Ерлан Тасбергенұлы, «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы – Бауыржан Молдабеков, белгілі жайдарманшы – Марат Достаев, «Отан» жекеменшігі шектеулі серіктестігінің директоры – Тастеміров Нұрлан Қуанышбайұлы болды.

002

003

004

005

006

007

008

009

010