Соғыс ардагерлерінің үйіне жөндеу жасалды

436

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, «Ерлікке тағзым» акциясы аясында аудандағы 12 ардагердің үйі ағымдағы жөндеуден өтсе, 2 ардагердің үйі күрделі жөнделеді. Бұл істі Қаратау ауданының әкімдігі қолға алып отыр.

IMG_1564

Жөндеу жұмыстары Қайнар бұлақ саяжайында тұратын Сауранбай Қалдановтың үйінен басталды. Аудандық әкімдіктің мұрындық болуымен «Эристайл-Қазақстан» ЖШС жұмысшылары ақсақалдың үйінің қираған шатырын өз қаржысына ауыстырып берді.

IMG_1559

Ал шымкенттік жастар ақсақалдың үйін әктеп, терезесін сырлады. Ауласындағы қоқысты жинап, жерін аударып берді.

IMG_1555

IMG_1535

IMG_1589

Сауранбай Қалданов – Ұлы Отан соғысының ардагері. 18 жасында майданға шақырту алған ол Курск, Великие Луки, Орел, Минск қалаларын азат етуге қатысып, ІІІ Украина майданында соғысқан.

Алайда немістерді тізе бүктірген қарияның бүгінде қираған үйде тұрып жатқаны өкінішті-ақ. Әйтпесе, осы ақсақал секілді талай ардагерге жаңа үй сыйға тартылып жатқаны да бар.

IMG_1553

Қартайған шағында бейнетінің зейнетін көрудің орнына қабырғасы көгерген үйді паналауға мәжбүр болған ақсақал қуықтай бұл үйді де мереке қарсаңында берілген ақшаға сатып алғанын айтады. Оған дейін бұл үйді 3 жыл бойы жалға алып келіпті. Бұған да шүкірлішік еткен қарт майдангер таза, барлық жағдайы жасалған кең үйде тұрғысы келетінін де жасырып қалмады. Онысының да жөні бар. Себебі, жасы 90-нан асқан ақсақалдың жүріп-тұруы, далаға шығуы қиын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3KavZb7UPFE[/youtube]

Ал Қаратау ауданы әкімдігінің өкілдері соғыс ардагерлерінің тұрмысын жақсарту үшін қолдан келгенше тырысып бағудамыз дейді. Алдағы уақытта ақсақалдың мәселесін «майшаммен» қарап, көмек қолын созатындарын айтты.

IMG_1561

Айта кетейік, Қаратау ауданы бойынша 47 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Баспана кезегінде тұрған 33 ардагер мемлекеттік бағдарлама бойынша «Нұрсәт» шағынауданынан пәтерге қол жеткізген екен. Ал мереке қарсаңында 12 ардагердің үйі ағымдағы, 2 ардагердің үйі күрделі жөндеуден өтті.

Одан бөлек алдағы уақытта соғыс ардагерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін мемлекет қазынасынан 198 200 теңге көлемінде қаржы бөлінеді деп күтілуде.