Тал-дарақ не үшін қырқылады?

821

Шымкентте жасыл желекті бұтау жұмыстары аяқталып қалды. Бұл жұмыстар ерте көктемде жасалады. Ал қалалықтардың тал-дарақты қырқуға келгенде ойы екіге бөлінеді.

Бірі жайқалған жасылды кесіп, зиян келтірді десе, Шымкент жасыл қала атауынан айрылып барады деп, дабыл көтергендері де бар. Ал қала тұрғындарының енбі бір тобы жасыл желектің әрқилы қалыпта жайқалып тұрғанын қалайды. Осылайша, өркениетті қалалардың қатарынан көрінеміз деп санайды.

Ал ағаш қырқушылардың өздері кері пікір танытқандармен келсіпейді. Жасыл желекті күтіп-ұстау оның баптауына байланысты деп отыр. Ағаштарға ешқандай зиян келтірілмейтінін алға тартып, ақталуда. Бұған қоса тал егу жыл санап артып отырғанын жеткізді. Биылдың өзінде 86 мың дана көшет отырғызылыпты.

Қайрат Карибаев, тәуелсіз сарапшы: «Ағаштарды қырқудың да жөні бар. Оны алып, екі-үш метрге отап тастаған дұрыс емес. Ал оны формаға салып, ретке келтіруге қарсы емеспін. Былтыр жол бойындағы ағаштарды отап тастады. Биыл ондай олқылықтарды байқамадым».