Қаратау ауданында жылыту маусымына дайындық басталды

456

Қаратау ауданында алдағы қыста жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда әкімшілікке қарасты «Нұрсәт» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлерде сығымдау жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OJsPesKmzcU[/youtube]

Бұл іспен келісім-шартқа сәйкес «Спецкомплект Сервис» ЖШС мамандары айналысуда. Мердігер компанияның жұмыс сапасын Қаратау аудан әкімішілігінің қызметкерлері бақылап жүр.

002

Жұмабек  Исмаилов, «Спецкомплект Сервис» ЖШС директоры: «Нұрсәт» шағынауданындағы тұрғын үйлердегі жертөлесіндегі жылу құбұрларын тексерудеміз. Жергілікті тұрғындармен 2014 жылдан бері келісім-шартпен жұмыс істеп келеміз. Биыл 106 үйдің тұрғындары келісім-шарт түзді. Енді біз осы үйлердегі жылу жүйесін тексеруді, жөндеуді өз міндетімізге алдық.»

Жоспарға сай «Нұрсәт» шағынауданындағы 204 көпқабатты үй биылдың қыркүйек айына дейін жылыту маусымына дайын болуы тиіс.