Елеулі еңбектер еленді

588

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оңтүстікқазақстандық жауынгерлер туралы материалдар дайындап, БАҚ арқылы отансүйгіштік пен патриотизмді кеңінен насихаттағаны үшін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жазушы, ардагерлерді қабылдап, алғыс хатпен және құрмет грамотасымен марапаттады, бағалы сыйлықтарды табыстады.

– Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейінде атап өту жолында еңбек еткен азаматтарға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да ұлағатты істердің дамуына қосатын үлестеріңіз еселенеді деп білемін, – деді өңір басшысы.

003

005

Сонымен, облыс әкімінің марапатымен «Айғақ» телерадиокомпаниясының президенті Дулат Әбіш, «Отырар» медиахолдингінің директоры Валентина Куликова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, жазушы, облыстың құрметті азаматы Мархабат Байғұт, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Любовь Доброта, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Шойбек Орынбай, ғалым, тарих ғылымдарының докторы С.Жолдасов, жазушы, Шымкент қаласының құрметті азаматы С.Жанәбіл және т.б. азаматтар марапатталды.

004

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі