Оңтүстікке Б.Сапарбаев бастаған делегация келді

282

Бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

001

Үкіметтік делегация алдымен биылдың ақпан айында ашылған Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасының жұмысымен танысып, өңірдегі білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді.

Сапар барысында үкімет басшысының орынбасары Б.Сапарбаев бастаған мәртебелі қонақтар Шымкент қаласындағы «Қазына» этно-тарихи кешенінде болып, «Karlskrona LC AB» ЖШС-де еңбек қатынастары мәселелері жөнінде жиын өткізеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлері жобалық қуаты 2 млн шаршы метр кілем және кілем бұйымдарын өндіретін «Назар-Текстиль» кілем фабрикасының жұмысымен танысады.

Бұған қоса министрлер Қазығұрт ауданындағы Атбұлақ елдімекенінде Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ашылу салтанатына қатыспақ. Ал 20 мамырда премьер-министр орынбасарының жұмыс сапары Түркістан қаласында жалғасады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі