Шымкентте «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

358

Шымкентте «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды. Бұл байқауға жиырма отбасы қатысып, өз бақтарын сынаған. Солардың арасынан сыннан сүрінбей өткен екі жанұя жеңімпаз атанды.

008

Өтемісовтар жанұясы – «Мейрейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы. Бұл байқауда олардың үздік атануы бекер емес. Өйткені отбасы мүшелерінің барлығы өнерден кенде емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2b7H9bxdzM4[/youtube]

Сондай-ақ сайыста Бексейітовтар отбасы да үздіктердің қатарында көрінді. Бұл ұлттық конкурс осымен екінші рет ұйымдастырылды. Биыл бұл сайысқа Шымкент қаласы бойынша жиырма отбасы қатысқан. Шараның негізгі мақсаты – жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихатап, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүру маңызын түсіндіру.

009

«Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаз атанған екі жанұя енді облыс көлемінде өтетін сайыста өздерінің үлгілі отбасы екендігін дәлелдейтін болады.

Лаура Нақыпқызы