Шымкенттегі субұрқақтар іске қосылды

1550

Шымкент қаласында 4 мамырдан бастап субұрқақтар іске қосылды. Шаһардағы қала көшелері мен саябақтарда 20 субұрқақ болса, оның үшеуі әуенді.

006

Әуенді субұрқақтар қаладағы Тәуелсіздік саябағында және Әл Фараби алаңы мен жаңадан салынған әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа гүлзарда орналасқан.

002

Қалаға әсем көрініс сыйлайтын өзге субұрқақтар Тәуке хан даңғылы бойындағы Қызғалдақ, Ордабасы алаңында үш субұрқақ, Орталық, Абай, Жеңіс және Металлург саябақтары мен Шәмші әлемі аллеясында орналасқан.

001

Бұған қоса әуежай, Көл, С.Байтереков атындағы гүлзарларда және «Имран» сауда орталығы мен Тыныбаев көшесінде, А.Пушкин кітапханасы жанында, сондай-ақ, жаңадан құрылған Қаратау ауданындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы гүлзарда екі бірдей субұрқақ жұмыс істеуде.

003

Аталған субұрқақтар қаланың көркін келтіріп, тұрғындарға салқын леп беруде. Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қала аумағы үш есе кеңейіп, архитектуралық нысандар бой көтерді. Әзірше Шымкентте 5 саябақ пен 23 гүлзар бар.

005

004

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі