Шымкенттіктер қысқа дайындалуда

212

«Қыстың қамын жазда ойла.» Шымкентте кезекті жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Бүгін жұмысшылар Әл Фараби ауданындағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі жылу жүйелерін сығымдап жатыр.

002

Әл Фараби ауданында өткен жылы 800-ден астам көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесінен жылытылса, Қаратау ауданының ашылуына байланысты биыл аудандағы үйлердің 200-і жаңа ауданның қарамағына берілді. Сығымдау жұмыстары ауданда тамыз айында аяқталмақ.

Көпқабатты үй тұрғандары қала әкімінің бастамасымен құрылған бірнеше үй комитеттерімен келісім-шарт түзсе, пәтерлері жылы, жертөлелері құрғақ, үй аулалары таза болады деп кепілдік береді жауаптылар. Ол үшін тұтынушылар өз пәтерінің әр шаршы метріне 9 теңге шамасында ақы төлеуі тиіс. Мамандар орта есеппен алғанда отбасы үшін айтарлықтай көп қаражат болмайды дейді.

Бұл бастаманың тұрғындар үшін тиімділігі көп. Сондықтан Әл Фараби ауданындағы орталықтандырылған қазандықтан жылу алатын 600-ден астам үйдің тең жартысы осы үй комитеттерімен бірлесе жұмыс жасайды екен. Нәтижесі де жоқ емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8Ir6gIECvDU[/youtube]

Көп жылдардан бері жаңартылмаған жылу жүйелерін бір жылда алмастыру пәтер иелері үшін оңай емес. Сол себепті үй төрайымдары жаңартуды кезең-кезеңмен жүргізуді жөн көріп отыр.

Қалай болғанда да жылу жүйелерін жаңарту әр үй иелерінің құзырында. Ал әкімдіктің міндеті тұрғын үй комитеттері мен түтынушылар арасында байланыс орнату. Сонда ғана шымкенттіктер қақаған қыста тоңбайды деген үміт бар.

Нұрлан Жаңабай