Заңсыз сауда қатарлары көшіріледі

250

Осы күнге дейін заңсыз жұмыс жасап келген сауда қатарлары көшірілетін болды. Қала әкімдігінің мамандары рейд жүргізіп, Исмаилов көшесіндегі темір-терсек сататын саудагерлерге барып, ескерту жасады. Осындағы 12 сауда қатары заңсыз жұмыс жасап келгені анық болды.

004

Оған қоса бұл жер теміржол аумағында орналасқан. Сондықтан сатушыларға да, сатып алушыларға да қауіпті. Сәулет бөлімі, жер комитетінің мамандары тексеру жүргізіп, осы қорытындыға келген болатын. Болашақта бұл сауда қатарларының орнында абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.

005

Рейдке қатысқан бөлім басшылары өздеріне тиесілі тапсырмаларын алды. Жер қатынастары бөлімінің мамандары осындағы кәсіпкерлерге ескерту қағазын тарататын болса, сәулет бөлімінің қызметкерлері жер телімдерінің қалай берілгенін анықтайды. Мәлімет бойынша мұндағы жер телімдері 2007 жылдары таратылып, бірнеше рет саудаға түскен. Бұл – жердің құнын көтеру үшін әдейі жасалған кәсіпкерлердің әрекеті дейді қала басшылығы.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gtVsLuPvkIE[/youtube]

Қалай болған күнде де Исмаилов көшесінің маңынан өтетін теміржолдың бойы темір-терсектен тазартылып, абаттандырылады. Жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімінің қызметкерлері мұнда жаяу жүргіншілер жолын салса, полицейлер үлкен жүк көліктерінің тоқтауына болмайтын жол белгілерін орнатпақ. Алайда кәсіпкерлерді бұл шара үрейлендіре қойған жоқ. Жергілікті биліктің бұл жылдағы жұмысы. Келіп-кетеді, ал біз саудамызды жасай береміз деген нық сенімде.

Ал қала әкімінің орынбасары Баһадр Нарымбетов кәсіпкерлікті қолдау заңды бұзып, адам өміріне қауіп төндіру емес, сол себепті саудагерлер қайда шағымданса да ісіміз заң шеңберінде деп түйіндеді сөзін.

Нұрлан Жаңабай