«Жайлаукөл» демалыс аймағы ашылды

1054

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «Түркістан» сарайы, облыстық қазақ драма театры, облыстық тарихи өлкетану мұражайы, салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығы, этносаябақ, бейнелеу өнері мұражайы ашылды.

0010

Биыдың наурыз айында облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығын, «Наурыз» алаңы мен «Жайлаукөл» демалыс аймағын біріктіретін «Қазына» этнотарихи кешені ашылып, бірыңғай сәулет кешенін құрады.

003

Этносаябақта өңірдегі тарихи-мәдени 27 ескерткіштің макеті мен диаметрі 21 метрді құрайтын түрлі-түсті субұрқақ орнатылған. Сонымен қатар осы аймақта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент бой көтерген. Осындағы аумағы 15 га құрайтын «Жайлаукөл» демалыс аймағында қазақ ауылы орын тепкен.

002

Мұнда 4 ротондамен қатар қайық стансасы мен көлік тұрағы қарастырылған. Шымкенттегі бұл этнотарихи кешен миллионға жуық тұрғыны бар шаһар халқы мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналып келеді.

Жалпы өткен жылы облыста 8 ауылдық мәдениет үйі ашылса, биыл өңірде 13 жаңа мәдени нысанның құрылысы жүруде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі