Қалалық ауруханада алғаш рет бүйрек және бауыр алмастырылды

397

Шымкенттегі аурухана базасында тұңғыш рет бүйрек және бауыр алмастыру оталары жасалды. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәрсен Пернебеков мәлімдеді.

001

Қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы облыс халқына тәулік бойы хирургия, жарақат, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық салалар бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсететін көпсалалы стационар болып табылады.

Бүгінгі таңда ауруханада 425 төсек орын қаралған, оның ішінде 317 төмек орын хирургиялық және 108 төсек орын терапиялық салаға арналған. Ауруханада еңбек ететін 162 дәрігердің 2-уі профессор, 6-уы медицина ғылымының кандидаты болып табылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=R0fLB6mUctY[/youtube]

Мұнда, сондай-ақ, 397 орта буынды медицина қызметкерлері еңбек етеді. Биыл 13 дәрігер Қазақстанда және одан тыс жерлерде «Бауыр трансплантологиясы», «Жедел жағдайлардағы жансақтау және қарқынды терапия», «Клиникалық зертханада иммуноферменттік талдау жасаудың диагностикасы», «Агиохирургия», «Бас-ми жарақаты кезіндегі жедел жәрдем және хирургиялық емдеу диагностикасы», «Эндоскопиялық көмектің жаңаша тәсілдері» тақырыптарында білімін жетілдірген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі