«Эврика» сауда желісінің жаңа ғимараты ашылды

922

«Эврика» сауда желісінің тұтынушылары үшін жағымды жаңалық! Техникалық тауар сататын компанияның тағы бір орталығы «Нұрсәт» шағынауданында ашылды. Мұнда заманауи үлгідегі техникалық жабдықтардың кез келген түрін кездестіре аласыз. Ең бастысы, тауарлардың барлығына кең көлемде жеңілдіктер қарастырылған.

8184

Жаңадан ашылған сауда орнына келушілердің қатары қалың. Тұтынушылар замануи үлгідегі техникалық жабдықтармен танысып жүр. Солардың бірі – «Эврика» сауда желісінің тұрақты тұтынушысы Қарабек Шонықов.

Зейнеткер жаңа орталықтағы жаңа түсімді тамашалауға және зайыбының туған күніне сыйлық алуға келіпті. Үнемі сапалы тұрмыстық техника таңдай білетін ел ағасы бұл жолы ұялы телефон тарту етпекші.

Қарабек Шонықов, қала тұрғыны: «Жақсы, жұртшылыққа мекенжайы ыңғайлы, көршімнен естіп осында келіп отырмын. Ең бастысы, өнімнің сапасы және оның бағасы ұнады маған».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ln_WWnwDVqA[/youtube]

«Эвриканың» жаңа дүкенінен тек сыйлықтар ғана емес, тұрмысқа қажетті техниканың сан түрін таңдай аласыз. Мұндағы тауардың көптігі мен жоғары сапасы тұтынушылардың көңілінен шығады. Әрі сатып алуға қолайлы жағдайлар жасалған.

Мәселен, аудио-видео қондырғыларының соңғы үлгілері, желдеткіштер және өзге де брендік өнімдер сауда сөрелеріне қойылыпты. Енді қалаған затыңызға тез арада несие рәсімдеп, аз уақыттың ішінде қол жеткізуге болады.

8183

Құрбан Хасбулатов, «Эврика» компаниясының маркетинг ісі жөніндегі директоры: «Біз «Нұрсәт» шағынауданынан тұрғындардың сұранысы бойынша дүкенді осы жерден ашып отырмыз. Шаһардың жаңа әкімшілік аумағы мен жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандары осында орналасқандықтан, тұтынушыларымыз да көп болады деген сенімдеміз. Енді мұндағы тұрғындар алысқа сабылып жүрмей-ақ дүкеннен кез келген тауарын ала алады. Біз келушілер үшін бүгіннен бастап алдағы 4 күн бойы тұрмыстық техникаларға кең көлемде, тіпті, таңқаларлық жеңілдіктерді ұсынамыз. Қапы қалмаңыздар!«

«Эврика» сауда желісі ұсынған әрбір өнімінің сапасы жөніндегі сертификаты бар. Әр тауарға бірнеше жылға кепілдік беріледі. Әдеттегідей, тұрғындар таңдап, сатып алған өнімін үйді-үйге жеткізу қызметі де қарастырылыпты.

Жаңа сауда орталығы «Нұрсәт» шағынауданындағы Арғынбеков көшесі, «Рахима плаза» сауда үйінде орналасқан.