Полицейлер арасында спартакиада өтті

770

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері арасында полиция күні мерекесінің 23 жылдығына және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған спартакиада өткізілді.

Жарысқа жалпы саны 26 команда қатысты. Спорттың 9 түрінен – Макаров тапаншасынан нысана көздеу, турнике тартылу, кір тасын көтеру, армреслинг, арқан тарту, үстел теннисі, волейбол, шағын футбол және отбасылық «Әке, ана және мен» атты сайыстарынан өзара бақ сынасты. Сондай-ақ, спартакиада шеңберінде полиция қызметкерлерінің балалары арасында «Өнерлі балапан» ән-би байқауы өткізілді.

1

Спартакиаданың ашылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов, қоғамдық кеңестің төрағасы Ө.Мелдеханов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Өмірзақов және ОҚО ІІД бастығы, полиция генерал-майоры А.Оспанов және де жарысқа қатысушылар мен департаменттің жеке құрамы қатысты.

5

Қазақстан полициясының мерекелік салтанатын ОҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі С.Айтбеков өз баяндамасымен бастап, спорттың салауатты өмір салтын ұстану мен патриоттық тәрбиені дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

Облыс әкімі А.Мырзахметов, отставкідегі генерал-майор Ж.Сұлтанов және іс-шараның құрметті қонақтары полиция қызметкерлерін мерекемен ерекше құттықтап өтті.

Жарыстың құрметті қонақтары мен қатысушылары қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Облыс әкімі А.Мырзахметов және департамент бастығы А.Оспанов салтанатты түрде қызмет бабында жоғары көрсеткіштерге ие болған бірқатар қызметкерлерге грамота, алғыс хат және кезекті шенін табыстады.

20

Салтанатты бөлімін қорытындылай келе облыс әкімі А.Оспановқа жаңа учаскелік полиция пункттерінің кілттерін табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ары қарай спорттық жарыстар басталып кетті. Әйелдер және ерлер арасындағы волейболдан өткен жарыс екі күнге созылып, тартысты да қызықты ойында бірінші орынды ОҚО ІІД аппаратының қыз-келіншектері жеңіп алды, ал ерлер арасындағы волейболдан жарыста Сайрам АІІБ қызметкерлері иеленді.

12

«Динамоның» спорт алаңында өткен шағын футболдан өткен жарыста 1-орынды ОҚО ІІД ӘПБ жол-патрульді полиция батальонының командасы жеңіп алды. Ал үстел теннисі жарысынан 1 орынды ОҚО ІІД аппаратының командасы иеленді.

10

14

Макаров тапаншасынан ату жарысында ОҚО ІІД аппаратының қызметкерлері ерекше мергендік танытты. Армреслинг сайысында Шымкент ҚІІБ жол-патрульдік полиция полкінің қызметкері А.Өтешов жеңіп алды. Темірге тартылудан ОҚО ІІД аппаратының қызметкері К.Нұров жақсы нәтиже көрсетсе, кір тасын көтеруден Түркістан қаласының қызметкерлері жақсы өнер көрсетті. Арқан тартудан ОҚО ІІД аппаратының қызметкерлері алға шықты.

16

11

Отбасылық эстафета жарысынан ең мықты және жарасымды полициялық отбасы ретінде ОҚО ІІД аппарат қызметкерлерінен құралған команда 1-орынды иеленді.

17

 

9

Жалпыкомандалық есепте «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған ОҚО ІІД аппарат қызметкерлері алға шықты. Жарыс қорытындысында генерал-майор А.Оспанов пен полиция полковнигі С.Айтбеков жеңімпаздарды марапаттап, медаль және бағалы сыйлықтар табыстады.

18

19

Полиция қызметкерлерінің балалары арасында өткен «Өнерлі балапан» ән-би байқауына қатысқан бүлдіршіндер де бағалы сыйлықтармен мәз-мейрам болып тарқасты. Бұл мерекеде ешкім сыйлықсыз қайтпады.

13

Жарысты қорытындылай келе департамент бастығы Асқар Оспанов жарысқа қатысушыларға жеңіске деген ынталарына алғысын айтып, полицейлерді мерекесімен құттықтап, жаңа спорттық жетістіктерге жете берулеріне тілектес екенін білдірді.