Полицейлер күш сынасты

458

Шымкентте полиция күніне орай жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті. Полктің құрылымдары арасында 12 команда құрылып, спорттың 6 түрінен өзара  бақ сынасты.

8

Олар: жауынгерлік қару – Макаров тапаншасынан нысана көздеу, арқан тарту, турникке тартылу, кір тасын көтеру, армрестлинг және шағын футбол.

IMG_3400

Тәртіп сақшылары тек азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, өздері салауатты өмір салтын ұстанатындарын көрсетті. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды 7-ротаның командасы жеңіп алса, 2-орын 10-рота полицейлеріне бұйырды.

Снимок

Ал 3-орынға 5-ротаның тәртіп сақшылары табан тіреді. Жеңімпаздар грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

IMG_3501