«Rixos Хадиша Шымкент» қонақ үйі – әлемдегі үздіктердің қатарында

2491

Шымкенттегі «Rixos Хадиша Шымкент» қонақ үйі әлемдегі үздіктердің қатарына ілікті. Сүйінші хабарды «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте қонақ үйдің құрылтайшысы Серікжан Сейтжанов мәлімдеді.

002

Сәулеті келіскен бұл ғимарат Шымкенттің көркіне айналғаны сөзсіз. Мұндағы сервистік, маркетингтік қызмет түрлері әлем елдерінің озық тәжірибесі негізінде құрылған. Ішкі және сыртқы интерьерлердің безендірілуі, жанға жайлылықтық деңгейі, әр бөлменің үйлесімді жабдықталуы қонақ үйдің сымбатын салмақтап, келбетін көркемдей түскен. Қонақ үйдің дербес веб-сайты да ашылып, Шымкенттей шаһардың атын әлемге әйгілеуде.

«Дүниежүзінде «Rixos» брендін иемденген 30 қонақ үй бар. Одан бөлек 400-ден астам отель премъер-люкс санатында. Солардың ішінде өткен сында «Rixos Хадиша Шымкент» үздік деп танылды. Сән мен салтанат сын додасына түсетін бұл байқау жылына бір рет өтеді. Биылғы сын Монте-Карлода өтті.

«Келешекте мұндай байқаудың Шымкентте өтуі де ғажап емес» дейді қонақ үйдің бас менеджері Полл Томас. Қазақстанда бұл брендті иемденген төрт қонақ үй болса, Астана қаласында тағы біреуі бой көтеруде. Еске сала кетсек, бұл қонақ үй былтыр Елбасының қатысуымен ашылған болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі