Шымкенттің сахнасында – Арыстың өнерпаздары

969

Баласын қан майданға жіберіп, қайғы құшқан ана. Соғыс алаңынан жолданған хат-хабар. Жеңіске деген алғашқы қадам. Мұның барлығы да Арыс халық театрының «Мәдениетім – мерейім » байқауында ұсынған қойылымда көрініс тапты. Премьералық спектакльдің авторы – халық. Сондықтан болса керек, қарапайым, кәнігі ой көрерменге түсінікті де.

IMG_1241

IMG_1250

IMG_1251

IMG_1252


Тоғыз жолдың торабынан келген ағайын көрме жанрында да тосылған жоқ. Аудандағы талантты қолөнер шеберлері мен шәкірттердің еңбектерін әкелген. Ағаштан ойып жасалған ыдыс-аяқтар мен тұрмысқа қажетті заттарды табасыз.

IMG_1238
Рамина Атаева, қолөнер шебері: «Мына туындылардың авторы – өте еңбекқор адам, қолөнерді өзі ғана емес, көпке де үйретіп жүр. Тіпті, арнайы үйірме-сабақтарды қолға алды. Мұны қазір мектеп оқушылары да кеңінен меңгеруде. Сондықтан мен біздің аудан өнерден өрлеп, дамып жатыр деп қуана айта аламын.»

Қазақтың фольклорлық өнерімен қатар халықтың қазынасына айналған сазды аспаптар оркестрі де кештің мерейін асырды. Арыстың өнерпаздары дәстүрлі әндерін шырқап, көрерменді бір серпілтіп тастады. Жергілікті сазгерлердің шығармалары да шарадан шет қалмады. Ал аудан билігі мәдениет саласының дамуы үшін бар жағдай жасалып отырғанын алға тартты.

Сейіт Ертай, Арыс қаласының әкімі: «Санаулы күндерден кейін Астана күні қарсаңында 260 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің ашылу салтанаты өткелі жатыр. Қалаберді Байырқұм елдімекенінде 34 миллион теңгеге ауылдық клубты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, Арыс әкімдігі мәдениеттің дамуына үлесін қосуды жалғастырады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jmyF8ze7LP4[/youtube]

Облыстық «Мәдениетім – мерейім» байқауына Арыстың 300-ге тарта өнерпазы жұмылдырылған. Ал фестивальдің қорытындысы 27 маусым күні белгілі болмақ.