Тасжолдағы тағы бір жол апатынан 3 адам мерт болды

457

Бүгін Алматы-Шымкент-Термез халықаралық тасжолында кезекті ірі жол апаты болды. Бұл жолы Мерседес жеңіл көлігі мен VanHool жолаушылар автобусы соқтығысқан.

Оқыс оқиға тасжолдың 640-шақырымында орын алыпты. Апаттың кесірінен үш адам көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, Мерседес автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Шымкент бағытында келе жатқан автобуспен соқтығысқан.

Еске сала кетейік, мұндай жол апаты тура осы тасжолда бір аптаға жетпейтін уақытта екінші рет қайталанып отыр. Үш күн бұрын халықаралық дәліз бойында Мерседес спринтер жолаушылар көлігі мен ХОВО жүк көлігі соқтығысып, 14 адамның өмірін жалмаған болатын. Қазір осы екі жол апаты бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.