Өңірімізге шетелдік инвесторлар келді

313

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Ресей-Швейцар іскерлік байланыс орталығының» өкілдерімен кездесті. Облыс экономикасына қаржы салуға ниетті инвесторлармен өткен жүздесуде өңірдің инвестициялық тартымдылығы айтылып, Елбасының ауыл шаруашылығы, шағын, орта бизнесті дамыту туралы тапсырмаларын іске асыру, индустрияландыру бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен келесі бесжылдықта қолға алынатын жобалар туралы жан-жақты баяндалды.

017

Кездесу кезінде облыс әкімі өңірдегі инвестициялық капиталдың 50 пайыздан астамы шағын және орта кәсіпкерлік нысандардың үлесінде екенін айтты. Сондай-ақ, жиында өңірдегі арнайы экономикалық аумақ пен индустриялды аймақтардың мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.

015

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп, баптауда облыстың үлкен әлеуетке ие екенін баяндаған облыс басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеуге басымдық беруге шақырды. Өз кезегінде іскерлік топ өкілдері біраз уақыттан бері ел аумағында жемісті жұмыс жасап келе жатқанын хабарлап, өңірдің инвестициялық ахуалымен жан-жақты танысу үшін арнайы жұмыс тобын құруға көмек беруді өтінді.

016

Экономикалық байланыстарды дамыту бағытында құрылған «Ресей-Швейцар іскерлік байланыстар орталығының» басты мақсаты қолданыстағы өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жаңғырту, жаңа индустриялды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі