Ақсукенттегі жаңа құбырдан су ақпай тұр

1922
су таситын арнайы көліктен тұрғындар барынша су алып қалу әрекетінде

Аптап ыстықта ауызсусыз отырған Ақсукент елдімекенінің тұрғындары шу көтерді. Мұнда жаңа тартылған су құбырынан су ақпайды. «Сити строй» корпорациясының сапасыз жасаған жұмысының салдарынан 70 отбасы 4-5 айдан бері тіршілік нәрін тасып ішеді.

су таситын арнайы көліктен тұрғындар барынша су алып қалу әрекетінде

Тіршілік нәрін тасып ішетін ақсукенттіктердің көңіл-күйін су жеткізетін көлік көтереді. Ол келісімен-ақ тұрғындар суды барынша тасып алып қалуға тырысады. Өйткені, шіліңгір шілдеде шаруашылықты айтпағанда тамақ жібітер суға зар болдық дейді ағайын.

Елмира Сисембаева, Ақсукент елдімекенінің тұрғыны: «5 айдан бері су жоқ. Бармаған жеріміз қалмады. Суды тасып ішеміз. Машинасы барлар машинамен тасып ішеді. Ал жаяу адамдар арғы көшеден тасып ішеді.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=k926WkNtzBs[/youtube]

Көшеде бір емес, екі су құбыры бар. Бірінің тозығы жеткен. Ал екіншісі – «Сити строй» корпорациясы жаңадан жүргізген су құбыры. Олар іске қосылмай жатып жарамай қалған көрінеді.

Мұрат Оразбаев, «Сайрам тазалық» ЖШС директоры: «2014 жылдың соңында жаңа құбырлармен су беру керек болатынбыз. Алайда оның сапасыз жасалуына байланысты іске аспады. Ал ескі құбырлардың әбден тозығы жеткеніне байланысты су беру мүмкін емес.»

Жаңа су құбырлары су беруге жарамсыз

Жоспар бойынша ақсукенттіктер 2014 жылдың соңында жаңа құбырдан тіршілік нәрін тұтынуы тиіс болатын. Енді ақауды 10 күнде қалпына келтіреміз деген мамандардың уәдесі орындалғанша халыққа шыдамды серік етулеріне тура келеді. Ал оған дейін су есік алдына арнайы көлікпен жеткізілмек.