Алғашқы түлектер қанат қақты

424
Оңтүстікте Н.Назарбаев зияткерлік мектебін 200 аса түлек бітірді

Биыл Н.Назарбаев зияткерлік мектебімен алғашқы түлектер қоштасты. Білім ордасын 200-ден аса жас тәмәмдап отыр. Мектеп әкімішілігі жас түлектердің куәліктерін салтанатты түрде табыстады.

Бұл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаған. Есесіне барлығында еліміздегі үздік жоғары оқу орындарына түсуге жолдама бар. Ал екі түлек шетелде тегін білім алады.

Оңтүстікте Н.Назарбаев зияткерлік мектебін 200 аса түлек бітірді

Фариза Жорабек, Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі: «Көңіл-күйіміз өте жақсы. Қытайға барып оқимын. Алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін. Бірақ осындағы ұстаздардың берген білімімен мектептің атына кір келтірмеймін деп ойлайымын. Және алған білімім өмірде де қажетіме жарайды деп білемін. Көңілде – толқыныс. Ата-анама да рахмет».

Білім ұясының 2 оқушысы шет елде білім алады. Қалғандарына еліміздегі жоғарғы оқу орындарына жолдама беріліеді