Депутаттар қаланы аралады

465

Оңтүстіктің депутаттары мәдениет орындарын аралап, өндіріс ошақтарын көрді. Соңғы жылдары өңірде бой көтерген бірегей нысандардың құрылысы мен жабдықталуына мақсатты қаржыны осы азаматтар бөліп, тиісті кезеңде толықтырып отырғаны анық. Енді жұмыстың нәтижесін көретін кездің реті келді.

016

Оның үстіне жақында облыстық мәслихат депутаттары облыс әкімінің 6 айда атқарған жұмысы бойынша есебін тыңдайды. Халық қалаулылары алдымен «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасына барды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EbqVw1QJyyo[/youtube]

Осыдан 2 жыл бұрын ашылған мәдениет ошағына депутаттардың бірқатарының алғаш рет келгені анық. Абонемент оқу залы мерзімді басылымдар секторы, өнер әдебиеттері бөлімі оқырмандардың ыңғайына жасақталғанын көрді. Бірегей кітапханада әдеби бірлестік, шығармашылық орталық, мүдделестер клубтары да жұмыс жасайды.

017

Қымбат көліктермен емес, арнайы бөлінген автобуспен жүрген ел ағалары тарихи-өлкетану мұражайына да барды. Мұражай қорында археологиялық қазба заттары, зерлерлік әшекейлердің, этнографиялық бұйымдардың 90 мыңнан астам жәдігері жинақталған. Бұл құндылықтар кез келген келушіні тәнті етеді.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы да депутаттардың көңілінен шықты. Биыл облыс бюджетінен облыстық мәдениет саласына 3 млрд 389 млн теңге бағытталған. Жарты жыл ішінде ол қаржының басым бөлігі игерілді.

014

Бағдарламаға сәйкес облыс мәслихатының депутаттары арнайы экономикалық аймақтағы былтыр іске қосылған кәсіпорындардың да жұмысымен танысты. Тоқыма кластерін дамыту мақсатында ашылған «Назартекстиль» кілем фабрикасы бүгінде тек жерлестерімізді ғана емес, өзге аймақтарды да тұрмысқа қажетті тауармен қамтып отыр.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында бүгінде 47 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың шығаратын өнімдері туралы мәліметтерге депутаттар осындағы көрме залында қанықты. Жобалар кезең кезеңімен жүзеге асуда.

Жалпы, облыс әкімдігі атқарған жұмыстар барысы 4 тамызда өтетін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында жіті талқыланбақ.

Шынар Оразова