Облыс имамдарының форумы өтіп жатыр

342

Оңтүстікте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бекіткен 4 бағыт бойынша жұмысты жандандыру керек. Осыған байланысты Шымкентте имамдар форумы өтті.

004

Онда дін қызметкерлерінің этикасы, сауаттылық деңгейін арттыру, мешіттердегі тәртіп пен тазалықты сақтауға қатаң көңіл бөлу мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек жер-жерлерде дұрыс уағыз жүргізу ісі де молдалардың мазмұнды әңгімесіне айналды.

003

Өйткені үгіт-насихат жасауда бірінші кезекте дін қызметкерлерінің өздері білімді болуы шарт. Алайда ауыл мен кент имамдарының сауаттылығы кемшін түсіп жатқан жағдайы бар делінді жиында. Сол үшін де бұл форумда молдалардың тәртібі мен біліктілігін арттыруға көңілді көбірек бөлетіні айтылды.

Айта кету керек, Бәйдібек ауданындағы Боралдай елдімекенінде 30 шілде күні алғаш рет Құранды толық жаттаушылар арасында аймақ аралық жарыс өтеді. Оған Алматы, Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 30 қари қатысады деп күтілуде.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=czXABivEMBo[/youtube]

Ең мықты деген Құран жаттаушыларға қомақты жүлде де дайындалып отыр. Қажылыққа екі жолдама және қаржылай сыйлықтар табысталады. Елімекендегі Боралдай мешітіне келіп көрем деушілерге есік ашық.