«Ордабасы» мен «Бейтар» тең түсті

365

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы өз алаңында Израильдің «Бейтарымен» тең түсті. Есеп – 0:0. Бұл кездесу – Европа лигасының іріктеуі болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=acM2MBAwyks[/youtube]

Жерлестеріміз гол соғатын бірнеше мүмкіндікті жіберіп алды. Бірінші таймның 27-минутында «Ордабасының» шабуылшысы Александр Гейнрих, ал 38-минутта Иван Божович допты торда тулататын сәтті пайдалана алған жоқ.

Енді қарымта кездесу 9 шілде күні Израильде өтеді.