Шымкентте жас жігіт тоқтан мерт болды

446

Шымкенттің тұрғыны үшін жолдасының үйіндегі құрылыс жұмыстары қайғылы аяқталды. «Болгарка» атты темір кескіш құралмен жұмыс істеу кезінде жас жігіттің қолына жалаңаш тоқ тиіп кеткен.

008

Куәлердің айтуынша, қаланың екі тұрғыны 24 шілде күні кешке жолдастарының үйіне келіп, құрылысқа көмектеспек болыпты. Оқиға Рысқұлбеков көшесінде болған. Өкінішке орай, жігіттердің бірі арматура кеспек болған кезде сырты қапталмаған электр тоғы «болгарка» ұстаған жігіттің қолына тиіп кеткен. Содан тіл тартпай кетті.

009

-Біз оны жерге көмбек болдық. Тоқ ұрғанда көмектеседі деп естіген едік,-дейді куәлердің бірі. – Бірақ, жедел жәрдем дәрігерлері келгенше досымыз қайтыс болды.

Қазір қайңылы жағдайды Әл Фараби полиция бөлімінің тергеушілері тексеріп жатыр. Олар оқиға орнына дәрігерлермен бірге келген.