Шымкент көшелері бұрынғыдан да көріктене түсті. Облыс, қала басшыларының бастамасымен қала көшелеріне ұлттық нақыштағы композициялар қойылып жатыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Dx9XwdCBYnc[/youtube]
Бұл компазиция «Шымкент» деп аталады. Ұлттық оюлардың кескінімен егілген гүлдерді жарық беретін шамдар арқылы түнде де күндізгідей анық көруге болады. Қаламызға келген қонақтар да, жерлестеріміз де мұны көріп, сүйсінбей өтпесі анық.
Темірлан тасжолының бойында да биікке ұмтылған түрлі-түсті гүл стелла бой көтерген. Биіктігі 14 метрлік бұл кешен — ең биік композиция.
Бүгінде құрылысы жүргізіліп жатқан орталық саябақтағы келесі композиция «Шаңырақ» деп аталады. Қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышы болар сәулеттік құрылымдардың құрылысына 67 млн теңге бөлінген.
Жұмысты орындаушы мердігер — оңтүстіккореялық компания бір жыл бойы компазицияларды күтіп-ұстауға міндеттелген. Қазақстандықтар мен кәріс мамандардың бірлесе жасаған қиял-ғажайып композициялары Аматының көшелеріне де қойылыпты.
Нұрлан Жаңабай