Шымкенттің әр ауданына куратор-судья тағайындалады

386

Оңтүстікте жасөсірімдердің қатысымен орын алатын құқықбұзушық мен қылмыс тыйылар емес. Көрсеткіш 1 жылдың ішінде 3 есеге артқан.

Бұл жөнінде Шымкеттегі 4 ауданның ішкі істер бөлімінің мамандары мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының айтуларынша, жеткіншектердің әлімжеттік пен ұрлық, зорлық-зомбылық секілді қылмыстық қадамға баруына көбіне әлеуметтік жағдай себеп.

014

Ата-аналарының бақылауынсыз жүрген жастарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып та келеді. Семинарға қатысқан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың өкілдері енді әрбір ауданға куратор ретінде судья тағайындауды ұсынды.

Ол мамандар тіркелген қылмыс санын ғана сараламайды, тәртіп сақшыларының қызметін де қадағалайтын болады. Дөңгелек үстелде мамандар бала тәрбиесіне атүсті қарайтын ата-аналарға тағайындаған айыппұл сомасының артқанын тағы да ескертті.