Төлеметов көшесі кеңейтілуде

847

Шымкентте Төлеметов көшесін кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетсек, жолды қайта жөндеу жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталған болатын. Бұл мақсатқа бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген.

015

Көшенің бұрынғы 9 метрлік ені 30 метрге кеңейтіледі, ал ұзындығы 6 шақырым болады. Қазіргі уақытта жол қолданысқа берілген, алайда көліктер тек бір жолақпен қатынайды. Десе де кептеліс туып жатқан жоқ. Бүгін белгілі болғандай, құрылыстың 70 пайызы біткен. Ал толық қолданысқа биылдың қазан айында беріледі.